Ыстық Тамақ
«Рахат орта мектебі мектепке дейінгішағын орталығымен»отдела образования Шуского района
2019-2020 оқу жылында оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырудың
анықтамасы
2019-2020 оқу
жылының қыркүйек айында қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес әлеуметтік
мәртебеге ие 30 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 2020 жылдың ақпан
айынан бастап жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008жылғы 25-қаңтардағы №64 және 2019жылғы
30-желтоқсандағы №1005 қаулысын басшылыққа ала отырып, қамқоршылық кеңестің
шешіміне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар
отбасылардан шыққан 14 оқушы, ыстық
тамақпен қамамасыз етілуде.
Ыстық тамақтың бір күндік ақысы 1-4 сыныптар 300теңгелік (6-оқушы), 5-11-сыныптар 400теңгелік ( 8-оқушы)бір уақыт тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Мектептің ас блогы асханадан және тамақ сақтау бөлігінен тұрады. Мектеп асханасында ыдыс-аяқ 100 пайызға жабдықталған. Асханда бір адам жұмыс істейді.Асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өткен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары бар. Асхананың жұмыскерлерінің барлығы жұмыс киімдерімен, яғни халат, алжапқыш, бас киімдермен толық қамтылған.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы , азық- түлік сақтайтын қоймалар, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Ас блогы қызметкерлерін тексеріп - қарау журналы, дайын тағамдардың бракераж журналы, шикі тағамдардың бракераж журналы күнделікті асханаға түсетін азық- түліктер тіркеліп, сапасы мектеп медбикесі Тохтаева Шахниза тарапынан күнделікті қадағаланып отырады. Сүт өнімдері мен ет өнімдері әр қайсысы белгіленген өз орындарында тұр. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде жүргізілді. Асханада «Бақылау асы» қойылған.Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексеріледі. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай жүзеге асып отыр.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан тамақтанатын оқушылардың күнделікті ыстық тамақпен өз уақытында қамтылуы мектеп әкімшілігі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Әскербекпен әлеуметтік педагог Е.Сансызбаев, мектеп медбикесі Ш.Тохтаева тарапынан қадағаланып тұрады.