Мейірімділік - адамның барлық адамгершілік ниетінің негізі
Анықтама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің бастамасымен «Мейірімділік –адамның барлық адамгершілік ниетінің негізі » тақырыбында 1«а», 1«ә» сыныптарында сынып жетекшілері Байсеитова Г.Ж мен Талипова Ш.М адалдық тәрбие сағатын өтті . Мақсаты : Мейірімділік -ол басқаларға қамқор болу,қайырымды болу керектігін оқушы санасына сіңірту. Баланың бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы жаманды ажырата білуге Школьникам ынтымақтастық орта құрды . «Құпиялы қасиет» ойыны .
«Мейірімділік нұры » жаттығуы. Тақтаға мейірімділік шапағын ілді. Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек.Ол үшін алдарындағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз. Көрініс көрсетілді . Балалар көрініс туралы өз ойларын білдірді . «Жүректен жүрекке » жаттығуы жасалынды .
2 «а», 2 «ә» сыныбында «Аса көрнекті ағартушы педагог- Ы.Алтынсариннің туғанына -180 жыл» тақырыбында «Адалдық сағаты»өткізілді .Сынып жетекшілері Майлыбаева Э.Б мен Әбдікерім А.Ө . Іс шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Топқа бөлу , алдарында жатқан екі таңбалы және бір таңбалы сандар арқылы екі топқа бөлінді .
Ы. Алтынсарин – ұлы тұлға , 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айрылған ол атасының белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленген. Ол бала кезінен білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы , ғалым В.В. Григоревпен жақын танысып алды. Қазақ тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі Ы.Алтынсарин. Топпен жұмыс жасалды. Өлеңдерін айтты. Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», — деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. «Баланы жастан», — дегендей, оған жас күннен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады. Біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципін көздей отырып, тұлғаны өмір сүрген қоғамына қатысты халықаралық қатынасқа бейімдеу.Жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа,талаптылыққа тәрбиелеу адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез- құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған. Осы дәрістен оқушылар өз бойларына көптеген адамгершілік қасиеттерді сіңірді .