Бастауыш сыныптарда оқытудың тиімділігін арттыру"
Рахат орта мектебінде 4ші сәуір күні "Бастау" пән бірлестігінде отырыс болды. Аудандық "Бастауыш сыныптарда оқытудың тиімділігін арттыру" атты тақырыптағы семинарға қатысып келген мұғалімдер Г.Байсеитова мен С.Мухтарова семинарда көрсетілген іс-тәжірибелерді меңгеріп, мектепте қолдану және әріптестеріне тарату мақсатында мектепішілік пән бірлестік ішіндегі мұғалімдермен ой бөлісіп, дөңгелек үстел ұйымдастырды.