Оқушылардың тазалығы , Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз ! 2022-2023 оқу жылы » "Рахатская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі мектепге дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 33-6-70
Есепші бөлімі:
+7(705) 662 92 88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың тазалығы , Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз ! 2022-2023 оқу жылы
01
декабрь
2022

Оқушылардың тазалығы , Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз ! 2022-2023 оқу жылы



                                                             Анықтама 


          08.11.22 ж мектеп медбикесі Арипбай   Маралмен «Тұмаудың алдын алу жолдары » деген тақырыпта   оқушыларға түсіндіру жұмыстарын  жүргізді . 

Медбике «Тұмаудың алдын алу жолдары»,оларды емдеу жұмыстары, олардың алдын алу шараларымен таныстырды .Тұмау  және   тыныс  алу  жолдарының   өткір  вирустық  инфекциялары – ауа тамшы  жолдарымен   жұғатын  әртүрлі  инфекциялардың  жиынтығы . Соның ішінде  тұмау   пандемиядан  да  қауіпті  эпидемияға   айналып  отыр.  Тұмау өте құбылмалы  және   оның  құрылымы  өзгеріп   отырады , осылай  тұмау  және вирустық   инфекциялар  жаңа  толқынды   болады . Ең алдымен ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек.

1.Тұмауға қарсы вакцина

2. Эпидемия кезінде адамдармен  байланысыңызды  мүмкіндігінше   азайтуға  тырысу, бөлмеңізді, үйіңізді жиі  желдетіп, ылғалды  түрде жиыстырып  қою

 3. Мұрындарыңның шырышты  қабығын интерферонды  қолдана   отырып, 0,25 пайызды оксалин   майымен  майлап қою 

4. Сарымсақ пияз сонымен қатар  с дәрумені бар өнімдерді көбірек  пайдалану(лимон, орамжапырақ, қара қарақат ). 

Алдын ала  организмді   шынықтыратын  емдер  жасап, спортпен шұғылданған  дұрыс.Тұмау басталғанда адамның көңіл күйі  нашарлайды, тағамға тәбеті  болмайды . Дене қызуы  көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері  сыздайды , жөтеледі , тамағы қызарып , жұтынғанда ауырады . Адам дереу асқындырмай дәрігерге көріну керек. Оқушыларға слайд көрсетілді .




                              Педагог- ұйымдастырушы :         Малыбаева А.Қ

                                  Мектеп медбикесі :                    Арипбай М 



                                                                        Анықтама 


         15 ақпан салауатты өмір салтын насихаттайтын іс –шаралармен   тегін спорт секциялары үйірме жұмыстары  жұмыс жасады . Мектеп директоры оқушыларды салауатты өмір салты күнімен құттықтады . 

 Ақысыз үйірмені  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  Боранбаев Ж.Б, Пожарницкая А.С, Қиғашпаев Ж.М  жүргізіп келеді . «Спорт -денсаулық  кепілі » тақырып аясында  спорт жарысын өткізді. 

Мақсаты: оқушыларды дене тәрбиесі жәнеспортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке,  қайсарлыққа,   батылдыққа,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу,  ойын кезінде әділдікке, жолдастыққа, ойынды  жетілдіруге тәрбиелеу,   балалардың   бос уақытын  тиімді  пайдалану,   денсаулықтарына пайдасын келтіру . 

Дене шынықтыру  пәні мұғалімі  Пожарницкая А.С   қауіпсіздік ережелерімен, сабақтың мақсатымен таныстырды. Оқушылардың  спорттық жарыстарға қызығушылығы артып әртүрлі жаттығулар жасап көрсетті.  Оқушыларды екі топқа бөліп , шахмат ойнайтындарды шахматқа,  тоғызқұмалақ ойнайтындарды тоғызқұмалаққа біріктірді .Аадам өз денсаулығына әрқашан  жауапкершілікпен қарауы тиіс.  Спортпен шұғылданған  өте пайдалы .   Салауатты өмір салтын сақтау өз қолымызда екенін ұмытпайық !  Суретке түсірілді .  Интернет желісіне салынды. Іс –шаралар одан әрі жалғасын табуда. 


                                                         педагог-ұйымдастырушы :  А.Қ.Малыбаева 






                                                         Анықтама 


19.03.23ж мектеп медбикесі  Арипбай  Марал мен Тасқарасу  ауылдық округінің бас дәрігері Алия  Байрамгалиевнамен  оқушылар арасында «Кене инфекциясы » туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Мектеп педагог-ұйымдастырушысы А.Қ.Малыбаева мен  әлеуметтік педагог Е.Б. Сансызбаев қатысты . Қазір көктем кезінде құрт –құмырсқаның жалпы тірі жәндіктердің оянған кезі. Кене өте қауіпті жәндік. Ол шақса   адам «Кене энцефолиті» ауруына ұшырайды . Қазір өрістен келген малмен бірге 

де ,   ағаштардың арасында да , шөптердің арасында  де көп болады . Тез қозғалғыш жәндік, өте қауіпті. Шаға қалған жағдайда дереу   дәрігерге  көрінген жөн. Асқындырып , жүре беруге мүлдем  болмайды . Кене арқылы вирустық инфекциялар таралады. Бүгінгі күнде кенеге қарсы вакциналар салынады . Жүйке жүйесін зақымдайды . Бас ауырады . Слайд көрсетіп түсіндірілді . Оқушылар кене туралы көптеген мағлұматтар алдынды .



                                                  Педагог-ұйымдастырушы :   А.Қ.Малыбаева